Тұмар — ұлттық телевизиялық бәйгесі.

Наурыз мейрамы қарсанында еліміздің астанасында — Нұр-Сұлтан қаласында ұлттық телвизиялық бәйге өтті .Тұмар ұлттық бәйгесі қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналып өткізілді. Байқаудың ең басты мақсаты – жеңімпазды анықтау.

Биыл жүлде үшінші рет өткізіліп жатыр, сондықтан қатысушылардың саны бұрынғыдан гөрі екі есе өсті.9 номинация бойынша жүлдегерлерді анықтады. Жалпы бәйге 300-ден астам қатысушылардың өз өтініштерін білдіруін құрады. Бұл үлкен жетістіктердің бірі, ал бұндай жетістік пен нәтижеге жету үшін қаншама еңбек пен төгілген тер.

Бұл жүлдені алуға ұлттық, телеивизиялық хабар тарату компаниялары, шығармашылық ұжымдар, продюсерлік орталықтар, студиялар, жалпы Қазақстанның медиа индустриясының барлығы қатысып, қонақ болды.

Тұмар бәйгесінің ашылуы әдеттегідей, қызыл кілемнен басталды, қызыл кілемнің төрінде қазақ телевизиясына үлкен еңбегін сінірген медиа жұлдыздары жүріп өтті. Оларды xалық жылы ілтипатпен қарсы алды.

Кештің салтанатын ашқан Ирина Тен, Қайрат Адильгерей мен Айгүль Мүкей болды. Кеш бойы керемет атмосфера мен сапалы әндер көрермендер мен қонақтарға ұсынылды. Тұмар ұлттық телевизиялық бәйгесінің көркін одан сайын жаққан Baller мен Адлет Иманали өздерінің жаңа шыққан «Я знаю точно» әнін орындады. Сонымен қатар «Нова волна-2013» байқауының қатысушысы Адам, керемет әні мен көрінісімен барлығын таң қалдырды. Х-factor жобасының қатысушы Айнұр Абдиева мен ҚР Ұлттық гвардиясы Whitney Houstonның танымал әндерін, керемет дуэтпен айтты. Концерттің соңына қарай, «Бала дауысы» жобасының жүлдегерлері өздерінің тәтті дауыстарымен xалықты тамсандырды. Ұлттық телевизиялық бәйге жоғарғы деңгейде өтті, себебі барлық келген қонақтар мен жүлдені иеленген жеңімпаздар керемет көңіл-күйлерімен үйлеріне қайтты.

Тұмар-2019 Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары.

Үздік теледидар сериалы.

«Қызыл деңгей» — КТК телеарнасы.

Үздік әлеуметтік жоба

«Біз біргеміз. Ана үйі» — Астана телеарнасы.

Ең үздік деректі фильм

«Ұлы дала астанасы» — Қазақстан Республикасы Президентінің теле-радио кешені.

Үздік ақпараттық-аналитикалық бағдарлама

«Кешкі ақпараттық бағдарлама» — Хабар 24 телеарнасы.

Телевизиялық маусымның ең жақсы оқиғасы

«Gakku Dauysy 2018» — Gakku TV телеарнасы.

Үздік ойын-сауық жобасы

«Кара бері» шындықты шоу — NTK телеарнасы.

Үздік өңірлік жоба

«Қызылжарға қош келдіңіз» — QZ MEDIA PORTAL (Қазақстан — Қызылжар телеарнасында)

Үздік тележурналист

Ғабит Бөкенбай — Қазақстан телеарнасы.

Үздік жетекші

Аида Боранбай — 31 арна.

Арнайы номинация

«Жусан» фильмі — Қазақстан телеарнасы.

132