Астана Дауысы 2018

Астана Дауысы 2018 — екінші рет өткізіліп жатқан ауқымды халықаралық ән фестивальдарының бірі. Елордаға арнайы 10 мемлекеттен астам келген әншілер  өз өнерлерін көрсетті. Кештің сәнін ашқан «Ninety One» тобы болды. Олар өздерінің хитке айналған «Ah!Yah!Mah!» әнін көрермендер назарына ұсынды. Әрі қарай Грузия елін таныстырған атақты Сосо Павлиашвили көрерменнің ыстық ықылысына бөленді. Латвия елінен келген Интарс Бусулис, Молдова елінен келген  DoReDos тобы, Өзбекстаннан келген Согдиана, сияқты әншілер бір сахнада өнер көрсетіп, елдің ыстық ілтипатына бөленді.

 

Ал Қазақстанды таныстырған әнші Ерке Есмахан “Қайда” әнін залда отырған көрермендермен бірге қосылып айтты.

Ерке Есмахан: Осы Астана қаласындағы осындай үлкен фестивальдің өтуі біздің осы өнерге деген бір алға жылжуы деп ойлаймын. Өйткені өздеріңіз көріп жатырсыз ғой, басқа елдің өнерпаздары ыстық лебіздерін білдіріп жатыр. Бұл біз үшін үлкен бір мереке.

Америка елінен келген  Майкл Джексонның стилінде айтатын Брендон Ховард өз композициясындағы әнінен басқа, М.Джексонның туған күніне арнап «You are not alone» әнін шырқады.

Сонымен қатар, Беларусь елін таныстырған, “Eurovision — 2018” қатысушысы  ALEKSEEV те өз өнерін көрсетті.

ALEKSEEV: Ең мықты әртістер бір сахнада жиналған сондықтан, менің ойымша, бұл күн олар үшін болашақта көрермендер алдына шығып, сапалы ән сыйлау үшін үлкен мүмкіндік береді.

Ол өзінің жақында шыққан “Сақтаймын” атты әнін орындады. Орындаушының қазіргі таңда қазақстандық көптеген жанкүйерлері бар.

Швед әншісі Loreen “Eurovision 2012” жеңімпазы “Euphoria” әнін айтты. YouTube желісінде бұл ән 38 миллионнан астам қаралымды жинады.

 

Ресей елінен келген, Григорий Лепс, өткізіліп жатқан фестиваль жайлы өз пікірін білдірді: Мен бұл фестивальға екінші рет келіп тұрмын. Бұл үлкен ауқымыды алып жатқан фестиваль. Және бұл ән фестивалін ұйымдастырушылар арқасында фестиваль біртіндеп жоғарыға көтеріліп жатыр. Мен бұл ән фестивальдің әлі 10-15 жыл өмір сүретініне сенімдімін.

Ресей елін таныстырған Ани Лорак пен Филлип Киркоров керемет өнерлерін көрсетіп, өздерінің хитке айналған әндерін шырқады. Әрине, олар да өздерінің керемет пікірлерін білдірген болатын.

Әр әртістің әніне арнайы қойылымдар қойылды. Сахна арнайы техникалық жабдықталуымен әртістердің сапалы өнер көрсетуін одан да жоғарғы деңгейге көтерді. Астана Дауысы Халықаралық ән фестивалі —  әлемнің түкпір-түкпірінен келген халықтарды бір-бірімен біріктіреді. Шетелден келген әр әртіс өздерінің Қазақстанға, қазақ халқына деген үлкен алғыстарын білдірді. Бұл фестивальдан болашақта үлкен үміт күтетініміз анық.

 

2 038