Astana Piano Passion жас пианистер байқауы.

2019 жылы 12-18 мамыр айының аралығында Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен V Халықаралық  жас писанистер музыкалық фестивалі.

 

Ол 2013 жылы аса көрнекті музыкант, Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуевтің, Иманғали Тасмағанбетовтың (қазір Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі) және Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігі мен Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен, «Accordi di Astana» Қоғамдық қорының бірлескен бастамасының арқасында құрылды.

2019 жылы 12 мамырда байқаудың ашылу салтанаты мен 18 мамырда байқаудың Гала концерті өтті. Әдеттегідей, фестивальдің ашылу рәсімі мен Гала концертінде маэстроның өзі, Денис Мацуев пен өткен жылғы байқаулардың лауреаттары өз өнерлерін паш етіп көрсетті. Келген қонақтарға бұл сәт мәңгілік естерінде қалатыны анық.

Фестиваль-байқаудың негізгі мақсаттары — фортепианолық  өнерде жаңа жұлдыздарды ашу, талантты жас музыканттарды қолдау, ұлттық фортепианолық мектептерді дамыту, әр елдің фортепианолық мектептер арасындағы шығармашылық қатынасты және дәстүрді нығайту, қазақ және әлемдік классикалық музыканы дәріптеу.

Байқауда үш жасаралық топтар бойынша, 18 жасқа дейінгі жас пианисттер жарысқа түсті: кіші топ (10 жасқа дейінгі), орта топ (11-14 жас аралығыда) және үлкен топ (15-18 жас аралығында). Байқаудың географиясы үнемі кеңеюде. Astana Piano Passion байқауының тарихында 50 елден 600-ден аса өтінімдер келіп түсті және жыл сайын фестиваль-байқауға қатысқысы келетіндердің саны да артуда.

2019 жылы байқаудың ұйымдастыру комитеті әлемнің 20 елінен 114 өтінім қабылдады:  Ресейден 36 өтінім, Қазақстаннан 20 өтінім, Қытайдан 15 өтінім, Аустралиядан 5 өтінім, Белоруссиядан, Грузиядан, Монғолиядан және Оңтүстік Кореядан 4 өтінімнен, Украина мен АҚШ-тан 3 өтінімнен, Әзербайжан, Болгария, Канада, Сербия, Жапониядан 2 өтінімнен, Израиль, Коста-Рики, Румыния, Польша, Тайваньнан 1 өтінімнен.

Шынымен де, осындай байқаулардың, әсіресе жастарға арналған байқаулардың біздің елімізде өткізіліп жатқандығы біз үшін біріншіден, үлкен мәртебе, ал екіншіден үлкен жетістік, қатысқан әрбір қатысушы үшін ол үлкен мүмкіндік, сондықтан осы байқаудың болашақта, әлі көп нәтиже беретініне күмәніміз жоқ.

 

8 842