Grammy сыйлығы 2022 — қызық фактілер топтамасы!

Сәуірдің 3-4 қараған түніне өткен Grammy сыйлығы 2022 жайлы қызық фактілер топтамасы сіздің назарларыңызда!

  • Adele биыл өкінішке орай бұл сыйлықтан тыс қалды, ол ешбір номинациялар қатарында болмады.
Adele Grammy 2017

Себебі жұлдыздың хит болып кеткен “Easy On Me” туындысы және оның төртінші “30” альбомы екеуі де 2021 жылдың 30 қыркүйегінен кейін шығарылды. Ал Grammyдің ережесі бойынша жұмыстарды қабылдау мерзімі 2020 жылдың 1 қыркүйегінен, 2021 жылғы 1 қыркүйегіне дейінгі кезеңді алады.

  • Dua Lipa және Levitating, Grammy 2022 сыйлығында ешбір номинацияда жоқ туындылардың бірі болды.
Dua Lipa Grammy 2022

Әрине, өте өкінішті, себебі бұл барлық әлемді билеткен әндердің бірі. Өткен жылғы DeBabyдің әдепсіз қылығы, Variety журналының пайымдауынша, бұл оның гомофобиялық пікір білдіргеннің себебі.

  • Академияның әлі де BTS тобында сенімдері жоқ!
BTS Grammy 2022

Топ жарған кореялық бойз-бэнд, өз әндерімен жанкүйерлерін баурап алған, көптеген хиттердің орындаушылары тек қана бір номинацияда көрінді “Үздік поп-дуэт/топтық орындау: Butter. Алайда биыл Grammy мүсіншесіз қалды.

  • Сенуге қиын, бірақ шведтік поп-топ ABBA бүкіл мансап бойы, алғаш рет “Жылдың рекорды: I Still Have Faith In you” синглы үшін номинанттар қатарында болды.
ABBA тобы

“Альбом шығарылымдары арасында 40 жылын қалдыруға батылы баратындар үшін Grammy міндетті болуы керек”, — деді олар Varietyге берген мәлімдемесінде. “Біз жаңа толқынды ұсынамыз”. Өкінішке орай бұл қоржын “Leave the Door Open, Silk Sonicтің қалтасына түсті.

  • Пәкістандық әнші Arooj Aftab алғашқы Grammy сыйлығын жеңіп алды!
Arooj Aftab: Tiny Desk (Home) Concert

Пәкістандық музыкант Arooj Aftab Grammy ұсынған “Үздік жаңа әнші” номинациясына кірген. Бірақ бұл марапат оның қолына түспеді, оның орнына ол Үздік әлемдік музыкалық орындау: Mohabbat, Arooj Aftab сыйлығын меңгерді. Джазды, үндістандық классикалық музыканы және “Sufi devotional poetry” немесе сопылық арнау поэзиясын біріктіріп, орындайтын әншілердің бірі болып табылады.

702