«Мыстан» веб-сериялы — жаңа YouTube жарылыс па?!

Қазақстандық «Мыстан» веб-сериялы — «ART DEALERS» компаниясының «Жаным, ты не поверишь» фильмінен кейінгі екінші жобасы. Бірінші бөлім 24 маусымда эфирге шығып, 9 қыркүйекте соңғы бөлім көрермендер назарына ұсынылған болатын. Біз сізге бұл сериалды көрудің 5 себебін ұсынамыз!

1. Сюжет.

Сериал зорлық-зомбылық құрбаны болған Томирис, Перизат және Сымбат деген үш қыздың тағдыры жайлы көрсетіледі. Қарап отырып, сіз бұдан әрі не күтіп тұрғанын білмейсіз, өйткені әрбір эпизодтың өзіндік таң қалдыратын көріністерге толы және бізді маңызды нәрсе туралы ойлануға итермелейді. Сериалдың өзі жауап беруге оңай емес сұрақтарды қояды.

2. Актерлер мен актерлік ойын.

1) Перизат — Әсел Қалиева. Перизат — ең батыл, ақылды және өте мейірімді кейіпкер.
2) Сымбат — Ақбота Нұр. Сымбат — жас, аңқау ана.
3) Томирис — Жасмин Салихова. Жасмин өте әдемі, мейірімді және сәл сенімсіз болғанымен, қыңыр мінезі бар қыздың рөлін ойнайды.
Басты кейіпкерлер қаншалықты өзгеше болса да, оларды біріктіретін бір нәрсе — ол батылдық, күрес және әділдік.
4) Әли — Жандос Айбассов. Бастапқыда лас істерді жасыратын батыл аға лейтенант болған кейіпкер, бірақ өкінішке орай ақылы тек қана қайтыс болар алдында кіреді.
5) Азамат — Елжас Рахым. Алаяқ нашақор, өлмейтін жан, себеі оны қанша өлтірсең де, ол соңында аман қалады.
Актерлердің барлығы Қазақстандық кино индустриясында танымал.

3. Дәйексөздер.

Өмірге ешкім мыстан болып келмейді, оларды мыстан етеін де, періште қалпында сақтайтын да, БІЗ!

Перизат

Ал қалған дәйексөздерді сіз сериалды қарау барысында таба аласыз, олар өте көп!

4. Түпкі идея мен мағына.

Сериалдың негізгі идеясы — тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес және әйелдердің құқықтарын қорғау. Еліміздің жаһандық мәселелері шешіліп жатқанда, мұндай сериалдар мен фильмдерді көру қандай керемет. Сондықтан, сіз кім екеніңіз маңызды емес, еркек пе, әйел ме, міндетті түрде қарап, қорытынды жасаңыз!

5. Музыка және ыңғайлылық.

Эпизодтардың жалпы саны: 12.
Ұзақтығы: 15-20 минут.
Бұл деген керемет емес пе? Біріншіден, сіз бүкіл сериалды көруді тез аяқтайсыз. Екіншіден, бұл жоғары сапалы, ақпараттандыратын және ұмытылмас сериалдардың бірі.

Композитор: Argen De’Suares. Дұрыс таңдалған музыка фильмдердің ажырамас бөлігі екеніне келісесіз бе? Бұл жерде кездесетін музыка топтамасы керемет, әрі жоғарғы деңгейде.

1 090