Жас домбыра 2022!

Барлығымыз білетіндей, бірнеше жылдай қазақ халқы шілденің басында Домбыра күнін тойлайды. Биыл бұл мерекенің масштабы екі есе үлкейді. Елордамыздың Тәуелсіздік алаңында арнайы шоу-концерт халық назарына ұсынылған болатын. Аспан астындағы open air «Жас Домбыра» қала тұрғындары мен қонақтарын біріктіріп, ұмытылмас кеш сыйлады. Сахнада өнер көрсеткен әртістердің арасында үлкенге де, кішіге де сүйіп тыңдайтын өлеңдер мен күйлер ұсынылды.

«Жас Домбыра» шоу-концерті
Кеш жүргізушілері Ғалымжан Кеншілік және Рүстем Жүніс
«Тұран» этно-фольклорлық ансамблі
Ерболат Құдайбергенов
Гүлмира Сарина
«Laura Abat» өнер студиясының домбырашылары
Hey Monro
Нұржан Тәжікенов және Жұбаныш Жексенұлы
Yenlik
Мәди Сыздықов
Ардақ Балажанова
«Алдаспан» этно-рок тобы

Қайтала кетейік, 1 Шілде Қазақстан бойынша, ресми түрде «Домбыра күні» болып табылады. Домбыра күні құтты болсын! Өз әуендерімізді қастерлейік…

920