Ninety one — арманға апарар жол

Ninety One — 2015 жылы құрылған Қазақстандық топ. Олардың өзіндік керемет және сапалы әндерінен басқа, өзіне тән ерекше стилі бар топ. Биыл Ninety One тобына 1 қыркүйек күні 3 жыл толады. Бұл олар және жанкүйелер үшін үлкен жетістіктердің бірі.

ninety one

Ninety One тобы 5 адамнан құралған: Alem — Батырхан Маликов,  ACE — Азамат Ашмақын, Bala — Данияр Кулумшин, AZ — Азамат Зенкаев,  Zaq — Дулат Мұхаметқалиев.  Топтың продюсері — Ерболат Беделхан. Топтың қазіргі таңда көптеген жетістіктері бар: GAKKU ӘУЕНДЕРІ 2016: Best Artist,  GAKKU TOP — 10 2016: сингл «Айыптама»,  EMA 2016: Best Debut, EMA 2016: сингл «Қайтадан» абсолютный радио-хит, ЖЫЛ  ТАҢДАУЫ  2016, Best Artist EMA  2017: «Лучший мужской коллектив», EMA 2017:  Лучшая песня  «Қалай қарайсың»,  Жыл Таңдауы 2017, Премия Ticketon 2018: специальный диплом  «Лучший Казахстанский концерт 2017 года по мнению казахстанских зрителей», ВЫБОР КИНОКРИТЕКОВ 2018:  Лучшая песня «MOOZ» (фильм «91»). Бұл жетістікке жету үшін,  олар көптеген қиындықтардан өтті.  Мысалы, олардың стилін халық жылы қабылдамады, әндеріне келсек, біреуге ұнап,сүйіп тыңдап жатса, біреуге тіптен ұнамады, бірақ еш нәрсеге қарамастан, қазіргі кезде топтың өздерінің «Eglez» қазақша «Қырандар» атты жанкүйерлер үйі бар. Сол жанкүйерлер күннен күнге дейін өсіп жатқанын байқауға болады.

 

ninety one angime

Ал бейнебаяндарына келсек,  бүгінде олардың 9 бейнебаяндары бар.  Олардың ішінде: «Айыптама» — 8.3 миллион, «Қайтадан» — 8.6 миллион, «Қалай Қарайсың?» — 6.5 миллион, «Su Asty» — 2.9 миллион, «Yeski Taspa Bii» — 3.1 миллион, «Bayau» — 4.8 миллион, «Mooz (OST «91»)» — 9 миллион, «Ah!Yah!Mah!»  — 9.8 миллион, «E.YEAH» — 2.9 миллион қаралымдары бар бейнебяндар жинағы. Сонымен қатар топтың 2017 жылы «91» атты кино-туындысы шықты. Бұл олардың алғашқы әнші ретінде емес, актер ретінде шыққан бейнелері болатын. Кино-туынды топтың қандай қиындықтардан өтіп, қандай биік белестерге жеткендері жайлы көрсетіледі. Кейін,  топтың «Қағаз кеме» деп аталатын телехикаясы жарыққа шықты.

Қазіргі таңда  олардың YouTube желісінде 340 мыңнан астам жазылушылары бар.  Instagram желісінде топтың 470 мыңнан астам оқырмандары бар. Бұл олардың үлкен танымалдылықты алып жатқанын білдіреді. Қазіргі таңда,  Ninety One тобына шет елден көптеген адамдар өз реакцияларын жасайды. Бұл біздің еліміздің біртіндеп танымал болуына үлкен септігін тигізеді.  Егер осыған дейін бұл топты ешкім қабылдамаса, қазіргі таңда топтың отандық шоу-бизнестен,  халықтан үлкен қолдауға ие болып бара жатқанын байқауға болады. Сондықтан, Ninety One тобының жетістіктеріне, еңбектеріне, тапқырлығы мен шыдамдылығына қарап, көп үлгі алуға болады.

6 007